Батыс Қазақстан облысында 30 жыл бұрын болған қылмыс дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Malim.kz «Мой Город» басылымына сілтеме жасап.
«Сонымен қатар, БҚО полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Тәртіп сақшылары сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде барлық уәждерді зерделеуге уәде берді. Өзге ақпаратты тергеу мүддесіне байланысты полицейлер жария етпеді», – делінген хабарламада.
TikTok қолданушысы жариялаған бейнероликтер оған себеп болғаны хабарланды, онда әйел адам болған оқиға туралы айтып берген.
Оның айтуынша, қылмыс шамамен 30 жыл бұрын өңірдегі елді мекендердің бірінде, ол 17–18 жаста болған кезде орын алған.
Өтініш берушінің айтуынша, бір топ ер адам оны қараусыз қалған үйге апарып, сол жерде зорлық-зомбылық көрсеткен, сондай-ақ соққыға жығып, өлтіремін деп қорқытқан.
Нақтыланғандай, оқиғадан кейін әйел туған ауылынан кетіп, кейін шетелге көшіп кеткен.
Видеолар жарияланғаннан кейін онымен БҚО және Алматы полициясының өкілдері байланысқа шыққан, бұл ретте ол Қазақстанға оралуға және қатысы бар адамдарды жауапқа тартуға ниетті екенін мәлімдеді.