Malim.kz
Қоғам

БҚО-да 700 науқас тегін берілетін дәрі-дәрмексіз қалды

Арман Қайыпхан

Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында 700-дей науқас тегін берілетін дәрі-дәрмексіз қалды. Бұл кемшілікті арнайы тексеріс жүргізген аудандық прокуратура анықтады, деп хабарлайды Malim.kz aikyn.kz-ке сілтеме жасап.
Түрлі диагнозбен есепте тұрған азаматтар өздеріне тиесілі препараттарға қол жеткізе алмаған. Тек құзырлы орган өкілдерінің араласуынан кейін тұрғындардың құқығы қорғалып, дәрі-дәрмекке алдын ала тапсырыс берілген.

БҚО прокурорының аға көмекшісі Ернат Мақсотовтың айтуынша, бөлінген ақша жетпей қалған. Сол себепті 700-дей адам дәрі-дәрмекті уақытылы алмаған Ал прокуратураның қадағалау актісінен кейін аудандық аурухана денсаулық сақтау басқармасынан ақшалай қаражат сұратқан болатын. Қазір азаматтарға дәрі-дәрмек толықтай жеткізілді.

Фото: pixabay.com

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары