Malim.kz
Құқық

БҚО-да нарколог дәрігер науқастарының жеке деректерін желіде жариялап жіберген

Malim Админ

Батыс Қазақстан облысында аудандық ауруханалардың бірінің дәрігері науқастарының жеке деректерін желіде жариялап жіберген. Бұл туралы Malim.kz Stan.kz сайтына сілтеп хабарлайды.


Дарьинское елді мекенінің тұрғыны Толғанай Сәтбай есімді дәрігердің желідегі видеоларына наразылық білдірді. Ер адам дәрігердің науқастардың жеке мәліметтерін ашық жариялап, дәрігерлік этиканы бұзғанына сенімді.

Видеолардың бірінде дәрігер расымен де компьютер экранынан науқастардың сауалнама деректері мен диагноздарын көрсететін құжаттарды ашып көрсетеді.  

Жеке ақпараттардың тарап кетуінен басқа, ер адам дәрігердің “Дәрігерлер қалай билейді” атты видеодағы биіне де таң қалған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы дәрігердің әрекетіне қатысты пікір білдірді.

"Әлеуметтік желілерде құжаттар мен науқастардың фотосуреттерін немесе бейнелерін жариялауға қатаң тыйым салынады. Мұндай әрекеттер біздің медициналық ұйымдардың беделіне кері әсер етеді. Қазір аталмыш жағдай бойынша тексеру жүргізіліп, алдын алу әңгімелері өткізіліп жатыр. Біз жағдайды бақылауда ұстаймыз", – деді облыстық денсаулық сақтау басқарма басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Алмас Жүнісбеков.

Бұған дейін Үкімет басшысы О.Бектенов азаматтардың жеке деректерінің таралуына жазаны қатаңдату керектігін айтты. 

Фото: pixabay.com  


 

Malim Админ
Автордың басқа материалдары