Malim.kz
Құқық

БҚО-да оқушыны зорлады деп айыпталған шенеунік жұмыстан кетті

Айбын Атабай
pexels

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданында жас қызды зорлады деген күдікке ілінген шенеунік жұмыстан босатылды. Алайда тергеу барысында оқиғаның жаңа мән-жайы анықталды. Бұл туралы жергілікті құқық қорғау органдары мәлімдеді, деп хабарлайды  Malim.kz Qaz365.kz сайтына сілтеп. 

Бұған дейін аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 120-бабы 3-1-бөлігі 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын. Күдікті аудандық әкімдіктің бөлімдерінің бірінде басшылық немесе жауапты қызметте болған. Арыз түскен бойда ол атқарып отырған лауазымынан босатылды.

Полиция жүргізген тергеу амалдарының нәтижесінде кәмелетке толмаған қызға қатысты күш қолдану белгілері байқалмаған.

«Бұл жайтты жәбірленушінің өзі және анасы да растап, күдіктіге қатысты қандай да бір шағымы жоқ екенін, қарым-қатынастың өзара келісім негізінде болғанын мәлімдеді», — делінген полиция таратқан ресми ақпаратта. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Бұған дейін 16 жастағы туысын зорлаған 71 жастағы зейнеткердің сотталғанын жазғанбыз.  

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары