Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері ауыр хәлдегі әйелді дер кезінде медициналық мекемеге жеткізуге жәрдемдесті, деп хабарлайды Malim.kz.
Тәртіп сақшылары Аян Мұратов пен Есболат Кабденов ауыр жағдайда жатқан әйелді тасымалдап келе жатқан автокөлікті жедел түрде алып жүріп, көмек көрсетті. Көлік жүргізушісі полициядан шұғыл түрде ілесіп жүруді сұраған. Оның айтуынша, жолаушының жағдайы ауыр болып, жедел медициналық көмекті қажет еткен.
Полиция қызметкерлері бірден “жасыл дәліз” ұйымдастырып, көліктің кедергісіз әрі мүмкіндігінше жылдам қозғалуын қамтамасыз етті. Нәтижесінде автокөлік медициналық мекемеге уақытылы жеткізілді.
Жедел әрі үйлесімді әрекеттердің арқасында науқас әйел дәрігерлерге дер кезінде тапсырылды.