Malim.kz
Қоғам

БҚО-да құтқарушылар Жайықта ер адамды ажалдан арашалады

Арман Қайыпхан
Фото: видеодан скрин

Оралдың «Металлист» ауданында Жайық өзеніне батып бара жатқан ер адам туралы 112 қызметіне хабарлама түскен, деп хабарлайды Malim.kz.

Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, 1991 жылы туған ер адамды судан шығарып, жағаға жеткізді. Медициналық көмек қажет болмаған.

Ер адамның шомылуға арналмаған, «Купание запрещено» белгісі қойылған жерде суға түскені анықталды. Оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары