Батыс Қазақстан облысында қызметтік міндетін атқару кезінде жол апатынан екі полиция қызметкері көз жұмды, деп хабарлайды Malim.kz.
3 шілде күні БҚО-ның Тасқала аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері — полиция майоры Абзал Үмбетқалиев пен полицияның аға сержанты Нұрғали Әдиетов жол-көлік оқиғасы салдарынан қайтыс болды.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу және жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.