Malim.kz
Қоғам

БҚО-дағы жанармай құю бекетіндегі жарылыс: сот атышулы іс бойынша үкім шығарды

Арман Қайыпхан
Фото: gov.kz

Атырау облысының Жылыой аудандық соты Күлсары қаласындағы жанармай құю бекетінде болған жарылысқа қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды. Қайғылы оқиға салдарынан ерлі-зайыптылар қаза тапқан, деп хабарлайды Malim.kz.

2026 жылғы 13 маусымда «Ақ Жарық» басылымы хабарлағандай, «Ниет ЛТД» ЖШС директоры жарылыс қаупі жоғары нысанда қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін кінәлі деп танылды. Салдарынан абайсызда екі адамның өліміне жол берілген.

Іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 281-бабының 3-бөлігі бойынша қаралды.

Сот айыпталушыны 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Сонымен қатар жәбірленуші тараптың азаматтық талап-арыздары қанағаттандырылды.

Қаза тапқан азаматтардың балаларының әрқайсысына моральдық зиянды өтеу үшін 10 миллион теңгеден өтемақы төлеу туралы шешім шығарылды.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары