Мемлекеттік төңкеріске әрекет жасағаны үшін ұзақ мерзімді бас бостандығынан айыру жазасына кесілген Бразилияның бұрынғы президенті Жаир Болсонару қайтадан ауруханаға түсті, деп хабарлайды BILD.
Бразилиялық БАҚ хабарлауынша, мемлекеттің бұрынғы басшысын бірнеше ай бойы созылмалы ықылық мазалаған. Дәрігерлер ем жүргізу туралы шешім қабылдады. Алдымен ультрадыбыс арқылы диафрагмалық жүйкені анықтап алды, содан кейін науқасқа ауырсынуды басатын дәрі салынды. Медициналық топ процедураның сәтті өткенін хабарлады.
Осыған дейін Болсонаруға ел астанасындағы DF Star жеке клиникасында шап жарығын алып тастау отасы жасалған еді. Оның зайыбының айтуынша, отау асқынусыз өткен.
Бұрынғы президент бірнеше жылдан бері денсаулығына байланысты проблемалардан зардап шегіп келеді. 2018 жылғы сайлау науқаны кезінде оған шабуыл жасалып, іш тұсына пышақ жарақаты салынған. Содан бері оған бірнеше ота жасалды.
Емдеуін аяқтағаннан кейін Жаир Болсонару қайтадан қамауда ұстау орнына ауыстырылады деп жоспарланып отыр.
Еске сала кетсек, қыркүйекте Бразилияның Жоғарғы сотындағы судьялар алқасы Болсонаруды 2022 жылғы сайлауда жеңілгеннен кейін әскери төңкеріс жасауға әрекет етті деп танығаннан соң көп ұзамай үкім шығарды.
Бразилияның бұрынғы президенті бұл шешімге апелляция беріп, үйқамақта болған кезінде ұсталды.
Осыдан бұрын Жаир Болсонаруға терінің қатерлі ісігі диагнозы қойылған.