Malim.kz
Қоғам

Бүгін Ай тұтылады. Қазақстанда жақсы көрінеді

Арман Қайыпхан

Бүгін, 7 және 8 қыркүйек аралығында Ай тұтылады. Аспан ашық болса, Қазақстанның барлық аймағынан жақсы көрінеді, деп хабарлайды Malim.kz.

zakon.kz басылымында астроном  ғалым келтірген мәліметтерге сүйенсек, Жердің көлеңкесі Ай бетіне 1 сағ 22 мин бойы түсіп тұрады.

Ғалым Ай тұтылудың Алматы қаласы үшін уақытын да көрсетіпті.

Алматыда Айдың тұтылуы айқын түрде сағат 21:26-да басталып, айқын түрде сағат 00:56-да аяқталады.

Аспан ашық болса, жіберіп алмаңыз. Таныстарға да ескертіп қойыңыз.

Фото: видеодан скрин

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары