Malim.kz
Экология

Бүгін ауа райы қандай болады

Арман Қайыпхан
Фото: freepik

Қазақстанның 13 облысында 28 қарашада дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Malim.kz.

Түнде және таңертең Қарағанды облысының шығысында көктайғақ, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында тұман болады деп күтіледі.

Түнде және таңертең Ұлытау облысыныңсолтүстігінде, шығысында тұман түседі деп болжанады. 

Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман болады деп күтіледі.

28-30 қарашада Қызылорда облысыныңсолтүстігінде және орталығында да тұман түседі деп болжанады.

Түнде және таңертең Атырау облысыныңсолтүстігінде тұман болады деп күтіледі.

Түнде және таңертең Ақтөбе облысыныңсолтүстігінде тұман түседі деп болжанады.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады, түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысыныңсолтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады, түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында да тұман түседі деп болжанады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі деп болжанады.

Солтүстік Қазақстан облысыныңсолтүстігінде, шығысында аздап қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Павлодарда 28 қарашада түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары