Malim.kz
Қоғам

Бүгін елімізде құбылмалы ауа райы сақталады

Malim Админ

Қазгидромет ел аумағында 5 наурызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады. 

Болжамға қарағанда, атмосфералық фронттардың өтуімен еліміздің басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.

ҚР батысында жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде болады. Тек елдің оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республика бойынша тұман, жаяу бұрқасын, желдің күшеюі, батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде көктайғақ болжанады, - деп жазады синоптиктер.

Күндіз Ақтөбе облысының батысында қатты қар жауады.

Фото: Gov.kz  

Malim Админ
Автордың басқа материалдары