Malim.kz
Қоғам

Бүгін еліміздің 10 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Айбын Атабай
Freepik

«Қазгидромет» еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

12 сәуірде Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Ақтау, Өскемен, Семей, Риддер, Астана, Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, – делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Мұндай жағдайда елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары