Жыл сайын маусым айының үшінші жексенбісінде елімізде Әкелер күні тойланады, деп хабарлайды Malim.kz.
Жыл сайын маусым айының үшінші жексенбісінде елімізде Әкелер күні тойланады.
Қазақ халқының мәдениетінде әке – отбасының темірқазығы, ұрпаққа үлгі болатын құрметі биік тұлға.
Өмірдегі алғашқы қадамдарын жасауды, жауапкершілікті сезінуді, қиындықтарды еңсеруді және өз күшіне сенуді бала әкеден үйренеді. Әкенің махаббаты, қамқорлығы, тәлім-тәрбиесі баланың тұлға болып қалыптасуында, отбасы құндылықтарының нығаюында және болашақ ұрпақты тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады.