Персеид метеор ағынының шарықтау шегін қазақстандықтар 13 тамызға қараған түні бақылай алады, деп хабарлайды Malim.kz.
Қазақстан тұрғындары бүгін түнде жылдың ең әдемі астрономиялық құбылыстарының бірі – Персеид метеор ағынын тамашалай алады.
Астана уақытымен сағат 02:00-ден 03:00-ге дейін метеор ағынының шарықтау шегі болады. Осы уақытта аспанда сағатына 100-ге дейін метеор көрінуі мүмкін.
Мамандар Персеидтерді бақылау үшін қаладан алыс, жарық аз жерге баруға кеңес береді. Сонымен қатар от жағу ұсынылмайды, себебі оның жарығы аспанды бақылауға кедергі келтіруі мүмкін.
Метеорлар аспанның оңтүстік-шығыс бөлігінен ұшып шыққандай көрінеді.