Бүгін республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті, деп хабарлайды Malim.kz.
Ауқымды шараға 610 мыңнан астам адам қатысып, жұмылған еңбек нәтижесінде 90 мыңға гектарға жуық территория тазартылды. Сондай-ақ, 180 мың жасыл желек отырғызылды - ағаш түрлері аумақ ерекшелігіне қарай таңдалған - алма, қара мойыл, тал және ирга.
Мұндай акциялар азаматтардың табиғатқа жауапкершілікпен қарауын қалыптастырып, еліміздің орман ресурстарын болашақ ұрпақ үшін сақтауға ықпал етеді», – деп атап өтті Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары М. Елемесов.
Айта кету керек, биыл аумақты тазалау жұмыстарына бір уақытта шыққан адам саны бойынша алғаш рет ел рекорды орнатылды. Жетістік еліміздің КИНЭС рекордтар кітабына енгізілді. Дүниежүзілік тазалық күніне орайластырылған сенбілікке 400 мыңнан астам қазақстандық қатысты.
Сонымен қатар, экологиялық міндетті арттыруға бағытталған бірқатар шаралар ұйымдастырылды - мәселен, мектеп оқушылары мен жоғарғы оқу орындары студенттеріне арналған экологиялық білім беру сағаттары, экоквесттер мен пікірталастар, мектептерде қоқыстарды бөліп жинауға арналған фандоматтар мен экобокстардың орнатылуы, экологиялық бастамаларды, тұрақты тұтыну және өндіріс тәжірибесін енгізетін компаниялар мен азаматтарды көтермелеу т.с.с.
«Таза Қазақстан» тазалық, табиғатқа қамқорлық және елдің экологиялық болашағы үшін жеке жауапкершілік идеясы төңірегінде азаматтарды біріктірудің символына айналды.
Фото: gov.kz