Malim.kz
Құқық

Бурабайда астаналық жасөспірім ағашқа соғылып, қаза тапты

Malim Админ

Ақмола облыстық Полиция департаменті Бурабайда оқыс оқиғадан қаза тапқан жасөспірімнің өлімінен кейін қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Malim.kz.

Белгілі болғандай, кәмелетке толмаған бала жалға алған велосипедпен ағашқа соғылған. Астаналық жасөспірім алған жарақатынан оқиға орнында жан тапсырды.

Қауіпсіздік талаптарына жауап бермейтін қызметтерді көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптамалар жасалады, тергеу жүріп жатыр, - деп мәлімдеді Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Фото: turizm-ru.livejournal.com/

Malim Админ
Автордың басқа материалдары