Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі Бурабай кентінде квадроциклмен ағашқа соғылған бойжеткен қайтыс болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz Sn.kz сайтына сілтеп.
Қайғылы оқиға 14 ақпанда болған. Зардап шеккен қыз ауруханаға өте ауыр халде жеткізілген еді. Ол терең комада болды және сыртқы тітіркендіргіштерге жауап бермеді.
23 ақпан күні таңертең ол көз жұмды. Оқиға салдарынан бойжеткен көптеген ауыр жарақаттар алған еді, – деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасынан.
Бұған дейін 14 ақпан күні Бурабайда квадроцикл жүргізушісі ағашқа соғылып, комаға түскенін жазған едік.