freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бурабайда квадроцикл ағашқа соғылып, бір адам комаға түсті

Оқиға
Бурабайда квадроцикл ағашқа соғылып, бір адам комаға түсті
видеодан скриншот

Үш күн бұрын, 14 ақпан күні Бурабайда квадроцикл жүргізушісі ағашқа соғылып, бір бойжеткен ауыр жарақат алған. Қазір зардап шеккен қыз комада жатыр, деп хабарлайды Malim.kz Azattyq Rýhy-на сілтеп.  

Осы оқиғадан кейін полиция демалыс аймағындағы квадроцикл мен қарда жүретін көліктерді жаппай тексеріп жатыр.

«Ақмола облысының полиция қызметкерлері қарда жүретін көліктер мен квадроциклдердің тексеруін күшейтті. Демалыс аймақтарына, оның ішінде Бурабай курорттық аумағына ерекше назар аударып отырмыз», - деп хабарлайды аймақтың полициясы.

Осы хабарламасында полиция 14 ақпан күні Бурабайда оқыс оқиға болғанын,  бойжеткен ауыр жараланып, ауруханаға түскенін хабарлаған. Жүргізуші де жараланған, бірақ, ол есін біледі.

«Осы іске қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Оның қорытындысы бойынша тиісті процестік шешім қабылданады», - деп хабарлайды Ақмола облысының полициясы.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу