Malim.kz
Қоғам

Бурабайда найзағайдан орман өртенді

Арман Қайыпхан
Фото: видеодан скрин

Бурабайда найзағайдың түсуінен екі өрт тіркелді, деп хабарлайды Malim.kz.

Абылай хан алаңындағы өрт 10 минут ішінде толық сөндірілді.

Ал Ақылбай орман шаруашылығы аумағындағы өртті сөндіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Оған 66 адам мен 10 арнайы техника жұмылдырылған. Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің аумағы 0,06 гектарды құрайды.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары