Malim.kz
Экология

Бурабайдағы танымал таулар туристер үшін жабылды

Арман Қайыпхан
Фото: Бурабай ұлттық паркі

Бурабай ұлттық паркінде туристер жиі баратын Көкшетау және Бөлектау тауларына баруға уақытша шектеу қойылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Ұлттық парк әкімшілігінің мәліметінше, шектеу 20 тамызға дейін күшінде болады. Бұған өңірдегі өрт қаупінің IV-V класына дейін жоғарылауы себеп.

Мұндай жағдайда құрғақ өсімдіктер тез тұтанып, өрттің жылдам таралу қаупі артады.

Әкімшілік туристерден жабық бағыттарға шықпауды және өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауды сұрады.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары