Malim.kz
Оқиға

Бурятияда қар көшкіні салдарынан Қазақстан азаматы қаза тапты

Сабина Асқарқызы
ТАСС

Ресейдің Бурятия Республикасының Муй ауданында қар көшкіні жүріп, соның салдарынан Қазақстан азаматы қаза тапты, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, оқиға Ирокинда елді мекенінен 13 шақырым қашықтықта тіркелген. Көшкін салдарынан бірнеше адам қар астында қалған.

Ресми дерекке сәйкес, 28 сәуірде Ресей Федерациясының құзырлы органдарынан алынған ақпарат бойынша, 1990 жылы туған Қазақстан азаматы Алексей Тицкий қаза тапқан.

Алдын ала мәліметтерге қарағанда, қар көшкіні кезінде барлығы алты адам үйінді астында қалған.

СІМ өкілдерінің айтуынша, қазақстандық дипломаттар Ресей тарапының құзырлы органдарымен тұрақты байланыс орнатып, оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Бұл мәселе министрліктің бақылауында.

Айта кетейік, оқиға «Ирокинда» кенішінде болған. Сол сәтте онда технологиялық жолды тазарту жұмыстары жүргізіліп жатқан. Жалпы, учаскеде тоғыз адам болған.

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары