Malim.kz
Әлем

Бұрынғы Еуропарламент депутаты Ресей үшін ақша алып, түрмеге қамалды

Malim Админ
Фото: Ilyas Tayfun Salci/Anadolu/picture alliance РЕКЛАМА

Британдық саясаткер Нейтан Гилл Еуропарламентте ресейшіл мәлімдемелер жасағаны үшін пара алғаны себепті он жылдан аса мерзімге бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

Еуропалық парламенттің бұрынғы мүшесі және Уэльстегі оңшыл популистік Reform UK партиясының экс-көшбасшысы Нейтан Гилл Еуропада РФ-ның саяси мүдделерін қолдау үшін пара алғанын мойындағаннан кейін, Ұлыбританияда 10 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Бұл туралы 21 қараша, жұма күні Лондонда өткен Олд-Бейли Орталық қылмыстық сотының отырысынан кейін Скотленд-Ярдтың мәлімдемесінде айтылды.

Үкімді жариялау барысында судья Бобби Чима-Грабб бұрынғы депутаттың «қоғамдық міндеттерін тиісінше орындамаудың» орнына ақша алғанын айтты. Оның сөзінше, ол Еуропарламентте Украинаға қатысты Мәскеуге тиімді нарративтерді озвучивал. Судья Гиллдің әрекеттері Ұлыбританияның ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіргенін атап өтті.

Қыркүйек айында 52 жастағы Гилл 2018 жылдың желтоқсанынан 2019 жылдың шілдесіне дейін Еуропарламент депутаты болған кезеңде алған қаражатқа қатысты парақорлық бойынша сегіз айып тағылғанын мойындады. Прокурор Марк Хейвудтың дерегінше, Гилл пара үшін ЕП-де оның байланыстары қажет деп тапқан мәселелерді көтеріп, олардың мүддесіне сай іс-шаралар ұйымдастырған. Саясаткер 2020 жылы Еуропарламенттен шықты, өйткені Ұлыбритания ЕО құрамынан кеткен еді.

Malim Админ
Автордың басқа материалдары