Оңтүстік Кореяның бұрынғы премьер-министрі Хан Док Су сәрсенбі күні 2024 жылы әскери жағдайды қысқа мерзімді енгізуге көмектескені және қолдағаны үшін кінәлі деп танылды.
Yonhap агенттігінің хабарлауынша, арнайы прокурор Чо Ын-Соктың командасы елдің бұрынғы премьер-министрін 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұраған.
Сеул орталық аудандық соты оны 23 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесіп, 2024 жылдың 3 желтоқсанында Оңтүстік Кореяда әскери жағдайдың жариялануы көтеріліс болғанын растады.
Бұған дейін Оңтүстік Кореяда экс-президентке қатысты сот үкімі жарияланатынын жазған болатынбыз.