2 наурыз күні өтетін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жиынын АҚШ президенті Дональд Трамптың жұбайы Мелания Трамп төрағалық етеді. Бұл туралы DW басылымы жазыпты.
Басылым мұндай жағдайдың тарихта алғаш рет орын алып отырғанына назар аударады. Бұрын-соңды ешбір елдің бірінші ханымы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын жүргізген емес. Әдетте бұл міндетті ротация бойынша сайланатын төраға-елдің тұрақты өкілі немесе министрлер кабинетінің мүшесі атқарушы еді.
Бұл прецедент туралы АҚШ төрағалығымен өтетін отырысқа жоспарланып отырғанын АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Майк Уолтц мәлімдепті. Мелания Трамптың кеңсесі болса, оның сөйлейтін сөзі «қақтығыс жағдайындағы балалар, технологиялар және білім беруге» арналатынын нақтылады. Меланияның жалпы тезисі білім берудің «бүкіл әлемде төзімділік пен бейбітшілікті ілгерілетудің тәсілі» екені туралы болмақ екен.
БҰҰ қауіпсіздік кеңесі - әлемдегі ахуалға байланысты нақты шешім шығаратын маңызды орган. Оның құрамында бес тұрақты және БҰҰ Бас Ассамбелясы кезінде таңдатлатын он уақытша ел бар. Бестікке кіретін елдердің кеңестің кез келген қарарын жоққа шығаратын вето құқына ие.