Malim.kz
Әлем

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Украинаның өтініші бойынша шұғыл отырыс өткізеді

Арман Қайыпхан
Фото: Loey Felipe/UN Photo/Handout/Xinhua/picture alliancе

Киев Ресейдің Украинаға жасаған жуырдағы ауқымды шабуылына байланысты БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 8 маусымда шұғыл отырысын өткізуді талап етуде, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап. 

Украина сыртқы істер министрі Андрей Сибиганың мәлімдеуінше, Мәскеу бейбітшілікке емес, шиеленісті күшейтуге басымдық беріп отыр.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Украинаның өтінішімен 8 маусым күні Ресейдің Украинаға жасаған жаппай шабуылдарына байланысты шұғыл отырыс өткізеді. Бұл туралы 5 маусымда Украина Сыртқы істер министрі Андрей Сибига X әлеуметтік желісінде хабарлады.

«Ресейдің соңғы зымырандық шабуылдар толқыны Мәскеудің әлі де болса бейбітшіліктен гөрі эскалацияны, ал дипломатиядан гөрі террорды таңдағанын тағы бір мәрте көрсетті», – деп жазды ол.

Украиналық дипломаттың айтуынша, Ресейге халықаралық қысымды жалғастыру БҰҰ Жарғысына деген құрметті қалпына келтіру және Украина президенті Владимир Зеленскийдің соғысты тоқтатуға бағытталған маңызды бастамасын ілгерілету үшін шешуші маңызға ие.

«Біз серіктестерімізге үздіксіз қолдау көрсеткені және жан-жақты, әділ әрі тұрақты бейбітшілікке қол жеткізуге қосқан үлесі үшін алғысымызды білдіреміз», – деді министр.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары