Malim.kz
Қоғам

Былтыр мың жарым баланың құқығы қалпына келтірілген

Мәди Саматұлы

Оқу-ағарту министрлігінің тексеру нәтижелері бойынша 1500-ден астам баланың құқығы қалпына келтірілді, деп хабарлайды Malim.kz.

Балалардың құқықтарын қорғау комитеті 2024 жылы өткізген тексерістің қорытындысын шығарды. Барлығы 18 өңірде 342 ұйым тексерілді, оның ішінде 120-сы жергілікті жерде және 58-і жоспардан тыс бақылау аясында тексерілді.

Тексерулер орта білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау мекемелерін, соның ішінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарды, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған мамандандырылған мекемелерді қамтыды.

Анықталған заңбұзушылықтар нәтижесінде 24 әкімшілік хаттама толтырылып, 2 миллион теңгеден астам айыппұл салынды, 133 ұйғарым шығарылып, оларды жою бойынша 164 ұсыным жолданды. Бұдан бөлек, 78 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Фото: gov.kz

Мәди Саматұлы
Автордың басқа материалдары