Malim.kz
Қоғам

Былтыр сұлулық қызметтеріне 127,3 млрд теңге жұмсалған

Айгүл Таңатар
https://ru.pngtree.com/

2025 жылы Қазақстанда сұлулық саласында көрсетілген қызметтердің көлемі 127,3 млрд теңгеге жеткен. Бұл туралы деректі «Нарық жаңалықтары» Telegram-арнасы берді, деп хабарлайды Malim.kz.

Арна келтірген дерекке сәйкес, оның 67,5 млрд теңгесі шаштараз қызметтеріне, 7,5 млрд теңгесі косметикалық қызметтерге, соның ішінде маникюр мен педикюрге тиесілі. Қалған 52,3 млрд теңге өзге қызметтерге келеді.

Қызметтердің 94 млрд теңгесі қалаларда, 34,3 млрд теңгесі ауылдық жерлерде көрсетілген.

Айгүл Таңатар
Автордың басқа материалдары