Malim.kz
Әлем

ЦАХАЛ Иранға жаңа әуе соққыларын жасады

Арман Қайыпхан
Фото: Fatemeh Bahrami/Anadolu Agency/IMAGO

ЦАХАЛ 1 наурызға қараған түні Иран аумағына қосымша әуе соққыларын жасады, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

Израиль армиясының мәліметінше, жаңа шабуылдар Иранның баллистикалық зымыран жүйелері мен әуе қорғаныс нысандарына бағытталған.

Иранның мемлекеттік БАҚ-тары ел астанасы Тегеран қаласында жарылыстар болғанын хабарлады. AFP тілшісінің дерегінше, қалада кемінде үш жарылыстың дыбысы естілген.

Израиль тарапы бұл операцияны Иранның әскери әлеуетін әлсіретуге бағытталған қосымша соққы ретінде сипаттады.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары