Malim.kz
Қоғам

«Центр пловадағы» жарылыс: 12 адамның қазасына байланысты іс сотқа жолданды

Арман Қайыпхан
Фото: видеодан кадр

Ақмола облысының арнайы прокурорлары Щучинск қаласындағы «Центр плова Loft» кафесінде болған өрт фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Өрт салдарынан 12 адам қаза тапқан, деп хабарлайды Malim.kz.

Қылмыстық жауапкершілікке кафе жалға алушысы, автогаз құю станциясының директоры және газ жеткізумен айналысқан азамат тартылып отыр. Олардың әрекеттері Қылмыстық кодекстің 292-бабының 3-бөлігі («Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу») және 306-бабының 3-бөлігі («Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету») бойынша сараланған.

«Арнайы прокурорлар қауіпсіздік талаптарының бұзылуы мен ауыр зардаптардың туындауы арасында тікелей себеп-салдарлық байланысты анықтады», – делінген хабарламада.

Іс бойынша түпкілікті шешімді сот қабылдайды.

Щучинск қаласындағы «Центр плова» дәмханасында қайғылы оқиға 2026 жылғы 26 ақпан күні кешке болды. Төтенше жағдайдан кейін алғашында жеті адамның қаза тапқаны хабарланған еді: олардың бесеуі оқиға орнында көз жұмса, тағы екеуі жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары