Malim.kz
Спорт

Чесноков ойнайтын «Хартс» Шотландияда чемпиондыққа жақындады

Арман Қайыпхан
Фото: “Хартс” ФК

Шотландия чемпионатында сенсация жақындап келеді, себебі қазақстандық Ислам Чесноков ойнайтын Хартс турнир кестесінде көш бастады, деп хабарлайды Malim.kz.

35-турда команда Рейнджерс клубын 2:1 есебімен жеңіп, камбэк жасады. Чесноков бірінші таймда ойнап, үзілісте ауыстырылды.

Қазір «Хартс» 76 ұпаймен бірінші орында, Селтик клубынан 3 ұпайға алда. Маусым аяқталуына үш тур қалды, соңғысында екі команда өзара кездеседі.

Айта кетейік, соңғы 40 жылда чемпиондықты тек «Селтик» пен «Рейнджерс» жеңіп алған. «Хартс» осы дәстүрді бұзуға жақын.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары