АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігі шетелден әкелінетін арзан генерик-дәрілерге жаңа импорттық тариф енгізілетінін жариялады. Жоспарға сәйкес, 2028 жылдан бастап мұндай өнімдерге 100 пайыздық баж салығы салынып, кейін ол 200 пайызға дейін ұлғаюы мүмкін, деп хабарлайды, Malim.kz.
Ақ үй бұл шешімнің негізгі мақсаты – дәрі-дәрмек өндірісін АҚШ аумағына көшіру және фармацевтикалық тәуелділікті азайту екенін мәлімдеді.
Алайда бастамаға қарсы пікір де аз емес. Сарапшылардың айтуынша, тарифтердің өсуі дәрі-дәрмек бағасының қымбаттауына, әсіресе табысы төмен тұрғындардың ем-дом шығынының артуына әсер етуі мүмкін. Демократиялық партия өкілдері бұл шешімді қайта қарауға уәде беріп, жаңа тарифтер АҚШ экономикасына қосымша инфляциялық қысым түсіреді деп есептейді.
Фармацевтика нарығы үшін бұл – соңғы жылдардағы ең ірі өзгерістердің бірі. Егер жоспар толық жүзеге асса, халықаралық дәрі өндірушілер өндіріс орындарын АҚШ-қа көшіруге немесе америкалық нарықтағы стратегиясын қайта қарауға мәжбүр болуы ықтимал.