Malim.kz
Экология

Демалыс күндері ауа райы қандай болады

Арман Қайыпхан
Фото: istockphoto.com

«Қазгидромет» РМК алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, аязды, жауын-шашынсыз ауа райымен келген антициклон Қазақстан аумағынан шығып барады. Оның орнына қуатты циклон жылжып келеді.

«Ылғалды ауа массаларымен толығатын бұл циклон республика аумағының басым бөлігіне жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, көктайғақ, бұрқасын алып келеді», – делінген синоптиктердің болжамында.

Жауын-шашынмен бірге циклон желдің күшеюін де тудырады. Батыс, солтүстік және орталық өңірлерде желдің екпіні секундына 30 метрге дейін және одан да күштірек болуы мүмкін.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары