Malim.kz
Қоғам

«ДЕМЕУ +» жобасын басқа өңірлерге де енгізу ұсынылды

Ереке Базарқұл
© Фото: ДЕМЕУ

«Жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алу» тақырыбындағы тапсырыс та ықпалды жұмыстың жүруіне, азаматтық қоғамды тұрақты дамыта отыра шешуге әрі жақсы көрсеткіштерге қолжеткізуге мүмкіндік береді деген сеніммен былтыр өңірде «Демеу 2.0» жобасы жалғасын тапқан болатын.

Биыл жасөспірімдердің психикалық денсаулығын қалыптастыру және дамыту грантың басым баыты бойынша Маңғыстау облысы білім басқармасының тапсырысымен «Демеу+» жобасы жүзеге асырылды. 

Жобаның мақсаты - жасөспірімдер арасында өзіне-өзі қол жұмсау фактілерін мейілінше азайтып, алдын алуға бағытталған педагог-психолог, әлеуметтік педагог мамандардың біліктілігін көтеру үшін курстар жүргізе отырып, суицидолог мамандарды  тартып 7 елді-мекенде семинар-тренингтер мен «қауіп –қатер» тобында анықталған оқушыларға консультативтік көмек көрсету, психикалық денсаулықты сақтау мәдениетін қалыптастыру.  Маңғыстау облысында аталған жобаны іске асыру арқылы аймақтағы білім беру ұйымдарындағы кемінде 450 маманның біліктілігін арттыру ( 198 әлеуметтік педагог және 251 психолог) мамандаарды оқыту индикаторы ұсынылған болатын. Аталған  индикатор бойынша өз кәсіби құзыреттілігін рттырған мамандардан бөлек 70- тен аса өңірдегі психолог және әлеуметтік педагог мамандар қорытынды конференцияға қатысып, жобаны іске асыру нәтижелері мен алынған тәжірибені ескере отырып, жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алу және психикалық денсаулықты нығайту бағытындағы жұмысты одан әрі жетілдіру үшін төмендегідей ұсыныстар енгізді:

Жоба осымен 3 жыл өңірде сәтті жүргізіліп, жасөспірімдердің психикалық денсаулығын ққалыптстыру және дамыту бағытында оң нәтижелер көрсетті. Сонымен қатар, бенефицарлар мен нысаналы топтың оң бағасын алып, жоба аясында біліктілігін арттырған мамандар жобаның жалғасы болғанын қалайтындығын жеткізді. Бұл жобаны өзге өңірлерге де тәжірибе алаңында сынап, грант не әлеуметтік тапсырыс негізінде  енгізудің маңызы – биыл Маңғыстауда жасөспірімдер арасындағы өз–өзіне қол жұмсау фактілерінің мейлініше азайғандығымен байланыстыруға болады.  

Ереке Базарқұл
Автордың басқа материалдары