Malim.kz
Қоғам

Депутаттың өліміне байланысты клиника мәлімдеме жасады

Арман Қайыпхан
Фото: instagram.com/kasiet_klinika

«Қасиет» медициналық орталығы ресми мәлімдемені Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Онда Ербол Айтуовтың отбасы мен жақындарына ауыр қазаға байланысты шынайы көңіл айтылды.

Клиникада айып тағылып жатқан дәрігер операция жасамағанын, сондай-ақ медициналық мекеменің лицензиясы жоқ деген ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді.

Орталық өкілдері тексерілмеген мәліметтерді, бұрмаланған ақпаратты және негізсіз айыптауларды таратудан бас тартуға шақырды.

«Қажет болған жағдайда барлық деректер мен мән-жайлар заңда белгіленген тәртіппен құжат жүзінде расталуы мүмкін», – деп мәлімдеді клиникада.

Бұған дейін Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты Ербол Айтуовтың пластикалық операциядан кейін қайтыс болғанын жазған едік.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары