Malim.kz
Қоғам

"Диагнозы айтылды": 10 ай ауруханада жатқан Сара Назарбаева немен ауырғаны белгілі болды

Мадияр Қапанбек
elbasy.kz. Суретте: Нұрсұлтан Назарбаев пен Сара Назарбаева

Ауруханада шамамен бір жылға жуық ем қабылдаған Сара Назарбаеваның денсаулығына қатысты мәліметтер жария болды. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңесшісі Айдос Үкібай ресми сайтта хабарлады, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның айтуынша, былтыр сәуір айында Сара Назарбаева ауыр миокард инфарктін бастан өткерген. Сонымен қатар оған ұзақ уақытқа созылған қант диабеті мен созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі диагнозы қойылған.

"Сара Назарбаева 2025 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Алматы қаласындағы Ұлттық госпиталінде емделіп жатты. Сол кезеңде ол ауыр миокард инфарктін бастан кешірді. Дәрігерлер ұзақ уақытқа созылған ауыр қант диабеті мен үдемелі созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі аясында дамыған жүректің ишемиялық ауруын, жүрек және өкпе жеткіліксіздігін анықтады. С.Назарбаева ұзақ уақыт бойы өкпені жасанды желдету және жасанды бүйрек аппараттарына қосылған күйде болды", – делінген хабарламада.

Емдеу барысында ол біраз уақыт өкпені жасанды желдету аппаратына және жасанды бүйрек құрылғысына қосылған. Алайда биыл қаңтар айынан бастап жағдайы тұрақталып, ауруханадан шығарылған. Қазіргі уақытта Сара Назарбаева үйінде дәрігерлердің бақылауында ем қабылдап жатыр.

Мадияр Қапанбек
Автордың басқа материалдары