Malim.kz
Қоғам

"Димаш Құдайберген немесе Сәкен Майғазиев": "Маскадағы адамның" кім екені белгілі болды (ФОТО)

Мадияр Қапанбек
Malim.kz / ЖИ

Ораза айында болған ерекше оқиға көпшілікті таңғалдырды. Көпшілік арасында "Маскадағы адам" деп танылған бетперде таққан белгісіз азамат 30 отбасыға су жаңа пәтердің кілтін табыстап, шамамен бір миллион доллар көлеміндегі баспананы қайырымдылық ретінде сыйлаған, деп хабарлайды Malim.kz.

Әнші Меруерт Түсіпбаева Instagram парақшасында бұл оқиғаға қатысты:

"Ораза айында бетпердедегі жігіт 30 отбасына 30 пәтер сыйлады. Осы жігіт кім? Қалай ойлайсыз?" – деп жазды.

Қайырымдылық шарасы аясында көпбалалы отбасылар, мүгедектігі бар жандар және асыраушысынан айырылған азаматтар баспаналы болған. Жаңа пәтерлер толық дайын күйде табысталған.

Желі қолданушыларының бір бөлігі бұл қайырымдылықтың артында Димаш Құдайберген болуы мүмкін деген пікір білдірді. "Димаш", "Біздің Димаш қой", "Димаш сияқты "деген жазбалар жиі кездесті. Тіпті кейбірі "Димаштың інісі арқылы жасап жатқан шығар" деген жорамал да айтқан.

Ал тағы бір топ оқырман бетперделі азаматтың Сәкен Майғазиевке ұқсайтынын жазды. "Бұл Сәкен Майғазиев қой", "Сәкенге қатты ұқсайды екен" деген пікірлер де назар аудартты.

Сондай-ақ танымал актер Алмат Сақатов қазір ел арасында "Маскадағы адам" атанып жүрген блогердің кім болуы мүмкін деген сауалға жауап берген еді.

Мадияр Қапанбек
Автордың басқа материалдары