Malim.kz
Қоғам

Дубайдан қазақстандық туристердің алғашқы легі оралды

Арман Қайыпхан
Фото: pixabay

Бүгін Flydubai әуе компаниясы Дубай қаласынан Астана және Алматы қалаларына екі эвакуациялық рейс орындады. Нәтижесінде 306 жолаушы Қазақстанға аман-есен оралды, деп хабарлайды Malim.kz.

Аталған бағыт бойынша жұмыстар Қазақстанның Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп жүргізілуде. Құзырлы органдар эвакуация шараларын үйлестіруді жалғастырып жатыр.

Алдағы уақытта Медина және Джидда қалаларынан қосымша эвакуациялық рейстер ұйымдастыру жоспарлануда.

Еске салайық, бұған дейін Сыртқы істер министрлігі қақтығыс аймағында 5 мыңға жуық қазақстандық бар екенін мәлімдеген болатын.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары