Malim.kz
Қоғам

Дүйсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы қолайсыз болады

Арман Қайыпхан
Фото: freepik.com

Дүйсенбі күні, 9 ақпанда Қазақстанның басым бөлігінде қолайсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Malim.kz.

Астанада 9 ақпанда күндіз жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, жаяу бұрқасын және көктайғақ болжанады.

Ақмола облысында түнде батыс пен оңтүстікте қар жауып, боран соғады, күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, көктайғақ күтіледі. Кей жерлерде тұман түседі. Желдің екпіні 15–20 м/с. Көкшетауда негізінен қар жауып, көктайғақ болады.

Алматы облысында оңтүстік-шығыс бағыттағы жел күшейіп, екпіні 17–22 м/с-қа дейін жетеді, кей уақытта 30 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін. Таулы аймақтарда тұман мен көктайғақ күтіледі. Алматы қаласында түнде тұман болжанады.

Түркістан облысында күндіз оңтүстік пен таулы аймақтарда нөсер жаңбыр жауады, түнде көктайғақ болады. Желдің екпіні 15–20 м/с. Шымкент пен Түркістанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ұлытау облысында жаңбыр мен қар, боран, көктайғақ болады. Жел кей уақытта 23–28 м/с-қа дейін күшейеді. Жезқазғанда да жауын-шашын, боран және тұман күтіледі.

Атырау облысында жаңбыр мен қар, тұман және көктайғақ болады. Кей жерлерде жаяу бұрқасын соғады.

Жамбыл облысында тұман түсіп, желдің екпіні 23–28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Таразда да тұман мен қатты жел болжанады.

Маңғыстау облысында көктайғақ пен тұман күтіледі. Ақтауда күндіз көктайғақ болады.

Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында қатты жел күшейіп, екпіні кей жерлерде 30 м/с-тан асады. Қатты жел 10–11 ақпан күндері де сақталады.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарында жаңбыр мен қар, көктайғақ, тұман және жаяу бұрқасын күтіледі.

Жетісу облысында тұман және қатты жел болжанады.

Қызылорда облысында көктайғақ пен тұман күтіледі.

Павлодар облысында қар, жаяу бұрқасын және көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан облысында қар жауып, жаяу бұрқасын мен көктайғақ күтіледі.

Синоптиктер тұрғындарды жолда абай болуға және ауа райы жағдайын ескеруге шақырады.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары