Malim.kz
Әлем

Дырдай басшы үлкен аяқ киім киіп жүр. Мұны қалай түсіндік?

Ереке Базарқұл
ФОТОЛАР: © RTVI

АҚШ президенті Дональд Трамп мемлекеттік хатшы Марко Рубионы өзіне шақ емес аяқ киім киюге мәжбүрлеген. Бұл туралы RTVI басылымы жазыпты.

Жұртшылық Марко Рубионың үлкен аяқ киім киіп жүргеннін Сенаттағы топтардың бірінің серкесі Чак Шумермен кездесуі кезінде байқапты. Аяқ киімді ("оксфорд" деп аталатын үлгі) оған Дональд Трамп сыйға берген екен. Бұдан сәл бұрын Трамп осы Рубио мен вице-президент Джей Ди Вэнстің аяқ киімдерін "ұсқынсыз" деп келеке еткен болатын. Сосын әрқайсына 4 жұп аяқ киімнен тарту еткен екен.

ФОТО: © RTVI

Фотодан көріп отырғанымыздай, сыйға келген аяқ киім Рубиоға тым үлкен болып шығыпты.
Трамптың мұндай қылықтары жөнінде әңгіме ара-тұра шығып тұрады. Бұдан бұрын Джей Ди Вэнс Трамптың Ақ Үй әкімшілігіндегі бір қызметкерге аяқ киімінің кішкентай екенін нұсқағаны туралы айтқан болатын.

Ереке Базарқұл
Автордың басқа материалдары