Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесус Конгодағы Эбола індетінің өршуіне қатысты мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, Конго эпидемия мен әскери қақтығыстың қатар келуі салдарынан ауыр жағдайға тап болды, деп хабарлайды Malim.kz.
X әлеуметтік желісінде Тедрос Гебрейесус әскери іс-қимылдардың ахуалды ушықтырып жатқанын мәлімдеді.
«Қазір Конго Демократиялық Республикасының шығыс бөлігі апатты жағдайға тап болып отыр: Итури провинциясындағы Эбола індеті оған қарсы қабылданып жатқан шаралардан жылдам таралып жатыр», - деді ол.
Гебрейесустың айтуынша, Эболаның Бундибуджио штамына қарсы бекітілген вакцина да, емдеу тәсілі де жоқ.
«Эбола вирусының Бундибуджио штамына қарсы мақұлданған вакцина да, ем де жоқ. Бұл індеттің таралуын тек гуманитарлық қолжетімділік арқылы тоқтатуға болады. Алайда жалғасып жатқан қақтығыстар халықтың жаппай көшуіне себеп болып, вирус жұқтырғандармен байланыста болған адамдарды лық толы лагерьлерге жинап, індетті тежеудің маңызды жолдарын бұзып жатыр», - деп жазды ДДСҰ басшысы.
Оның сөзінше, алдыңғы шептегі дәрігерлер өмірін қатерге тігіп жұмыс істеуде.
«Бомбалар жарылып жатқанда, біз жергілікті халықтың сеніміне ие бола алмаймыз және науқастарды оқшаулай алмаймыз. Барлық қақтығысушы тараптарды індетті тоқтату үшін дереу атысты тоқтатуға шақырамыз. Медициналық топтардың қауіпсіз әрі тұрақты жұмыс істеуіне мүмкіндік берілуі керек. Адам өмірін бәрінен жоғары қоюды сұраймыз», – деді Tedros Adhanom Ghebreyesus.
Asia One басылымының жазуынша, Конгодағы Эбола індетіне байланысты United States, Uganda, Canada, Bahamas, India, Jordan, Bahrain, Thailand, Kenya, Mexico және Cayman Islands елдерінде шектеулер енгізілген.