Malim.kz
Экология

Екі өңірде ауа райына байланысты жолдар жабылды

Арман Қайыпхан

Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ҰК баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

11 ақпан сағат 19:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық автожолдарда көліктердің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады, - делінген хабарламада.

Абай облысы:

“Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы” автожолының 971-1013 шақырым аралығындағы учаскесінде (Қалбатау ауылынан ШҚО шекарасына дейін).

ШҚО:

“Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы” автожолының 1013-1048 шақырым аралығындағы учаскесі (Абай облысының шекарасынан Ұлан ауылына дейін).

Жолды 12 ақпан сағат 07:00-де ашу жоспарланған.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары