Malim.kz
Қоғам

Екібастұзда төтенше жағдай жарияланды

• Берік Дәулетов

Екібастұз әкімі Аян Бейсекин қалада Объектілік ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы ақпарат "Ашық НҚА" порталында жарияланды.

Екібастұз қаласында "Energy Solutions Center" ЖШС-де орын алған авариялық жағдайға байланысты объектілік ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимі жариялансын, - делінген ақпаратта.

2024 жылғы 28 маусымда сағат 5:24-те ГРЭС-1-де техникалық апат болды.

Салдарынан № 2, 3, 4, 7 энергия блоктары тоқтатылды.

Кейінірек тоқтаған төрт энергоблоктың екеуінің жұмысы қайта жанданды.

Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті оқиғаға байланысты тергеуді бастады, - деп хабарлады Энергетика министрлігі.

2024 жылдың басында Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында коммуналдық-энергетикалық секторды жаңғыртуды жеделдету қажет екенін мәлімдеді. Оның ішінде Екібастұздағы ГРЭС туралы да сөз болды.

Фото: интернеттен

Берік Дәулетов
Автордың басқа материалдары