Malim.kz
Қоғам

Екібастұздағы ГРЭС-1-де апат болды: Энергетика министрлігі түсініктеме берді

Берік Дәулетов

Екібастұздағы Болат Нұржанов атындағы ГРЭС-1-де апат болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.

28 маусымда сағат 05:24-те Екібастұз ГРЭС-1-де технологиялық бұзушылық болып, салдарынан №2, 3, 4 және 7 энергоблоктары 2080-ден 320 МВт-қа дейін төмендеді. Қазіргі уақытта № 2, 4 және 8 энергоблоктар жұмыс істеп тұр, генерациясы 971 МВт. Қалған қондырғыларды іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Ядролық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті тергеуді бастады, - деп хабарлады министрлік.

Фото: интернеттен

Берік Дәулетов
Автордың басқа материалдары