Бразилияның жоғарғы соты осы елдің бұрынғы президенті Жаир Болсонаруды үйқамаққа алуға қаулы шығарды. Оған мемлекеттік төңкеріске әрекет қылды деген айып тағылған болатын.
Қаулы бойынша, оған шектеулердің ішінде - әлеуметтік желілерді қолдануға тыйм да бар. Қаулыда судья - экс-президент өз жақтастарының әлеуметтік желілерін пайдаланып, Федералды жоғары сотқа шабуыл жасауға үндеп және Бразилияның сот жүйесіне шетелдерден қысы көрсетуді қолдады делінген.
Жаир Болсонаруды ел арасында қолдаушылар баршылық. Жексенбіде экс-президентті қолдайтын митингтер бірнеше қалада өтті. Экс-президенттің ұлдарының бірі Рио-де-Жанейродағы жиындардың бірінде телефон арқылы әкесінің үндеуін қосқан. Мұны Жоғары сот судьясы салынған шектеулерді дөрекі түрде бұзу деп есептейтінін жазған.
Фото: advgazeta.ru