Malim.kz
Қоғам

Экс-судья Светлана Жолманова 10 жылға сотталды

Арман Қайыпхан

Алматыда бұрынғы судья Светлана Жолманова 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Malim.kz КазТАГ-қа сілтеме жасап.

Жолмановаға қатысты айыптау үкімінің шығарылғанын Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі растады.

Бұған дейін Светлана Жолмановаға аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген айып тағылғаны хабарланған болатын.

Тергеу мәліметінше, 2021 жылдан 2024 жылға дейінгі аралықта Жолманова жылжымайтын мүлік сатып алуға және тендерлік жобаларға қатысуға жәрдемдесемін деген желеумен азаматтарды алдап, олардың сенімін теріс пайдалану арқылы 1 миллиард теңгеден астам қаражатты иемденген.

Фото: instagram.com/zholmanova.svetlana

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары