Malim.kz
Қоғам

Ел оңтүстігіндегі ауылда терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өтеді

Арман Қайыпхан

4 сәуір күні Жамбыл облысындағы Т. Рысқұлов ауданының Құлан ауылында «Құлан-Антитеррор-2025» тактикалық оқу-жаттығуы өтеді. Іс-шараны аудандық терроризмге қарсы жедел штаб ұйымдастырады, деп хабарлайды Malim.kz Антитеррористік орталығына сілтеме жасап.

Бұл оқу-жаттығу құқық қорғау және арнайы органдардың террористік қауіптерге қарсы іс-қимыл жасау дайындығын тексеруге бағытталған.

Оқу-жаттығу кезінде көлік және жаяу жүргіншілер қозғалысына уақытша шектеулер қойылуы мүмкін.

Тұрғындардан сабыр сақтап, қауіпсіздік шараларын орындау және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындау сұралады.

Фото: Gov.kz

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары