Malim.kz
Қоғам

Елдегі орташа жалақы мөлшері белгілі болды

Айбын Атабай
depositphotos.com

Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы орташа жалақы туралы мәліметтерді жариялады, - деп хабарлайды Malim.kz.

Қазақстандағы орташа айлық номинал жалақы (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алмағанда) 2025 жылдың IV тоқсанында 473 158 теңге болған. Тоқсан ішінде орташа жалақы 10,2 пайызға өскені атап өтілді.

Қазақстан өңірлері бойынша орташа жалақы

Ең жоғары орташа жалақы Астанада - 659 610 теңге, сондай-ақ Маңғыстау облысында - 658 762 теңге және Ұлытау облысында - 648 620 теңге.

Алматыда орташа жалақы 601 126 теңге, ал Шымкентте - 364 034 теңге.
Ең төменгі көрсеткіштер Жетісу (349 593 теңге), Жамбыл (335 794 теңге) және Түркістан (324 229 теңге) облыстарында тіркелді.

Қазақстандағы медианалық жалақы
Қазақстан бойынша 2025 жылдың IV тоқсанындағы медианалық жалақы (жалақы қатарының орта деңгейі) 339 912 теңге болған.

Айта кетейік, 2025 жылдың III тоқсанында Қазақстан бойынша орташа жалақы 429 368 теңге, ал медианалық жалақы 302 584 теңге болған еді.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары