Дзюдодан Олимпиада чемпионы Елдос Сметов көпшілікке жаңа көлігін көрсетті, деп хабарлайды Malim.kz Skifnews.kz cайтына сілтеме жасап.
Жаңа темір тұлпар жайлы жаңалықты алғаш болып спортшының бауыры Жандос Сметов әлеуметтік желіде бөлісті.
– «Тұлпарың құтты болсын, бауырым!», – деп жазды ол Instagram парақшасында.
Постқа Елдос Сметовтың жаңа көлігінің қасында түскен суреті де қоса жарияланған. Кейін спортшы бұл фотосуретті өз парақшасында бөлісіп, жанкүйерлерінен құттықтау пікірлер алды.