Қазақстан БҰҰ-ның Электрондық үкіметті дамыту индексінде әлем бойынша 24-орында тұр. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгінде мемлекеттік қызметтердің 90,4%-ы электрондық форматта көрсетіледі, ал 95,9%-ын смартфон арқылы алуға болады. Қағаз құжаттардың толық баламасы саналатын 39 түрлі цифрлық құжат енгізілді.
2025 жылдың басынан бері 51,5 млн-нан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді. Тамыз айында eGov Mobile мобильді қосымшасы eGov AI интеллектуалды іздеу жүйесімен жаңартылды.
Сонымен қатар eGov.kz порталы арқылы 25,7 млн-нан астам мемлекеттік қызмет көрсетіліп, eGov Business сервисі 4,6 млн сұранысты өңдеді, деп хабарлайды Malim.kz.